Ақмола облысындағы сәби өлімі: ІІМ түсінік берді

0
583

Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Ақмола облысындағы сәби өлімі: ІІМ түсінік берді

ERNUR.KZ. Ақмола облысында баласына қан құйғызудан бас тартқан ата-ана сәбиінен айырылды. Ішкі істер министрлігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша дәрігерлердің және ата-ананың әрекеттеріне баға берілетін болады. Бастапқы деректерге сәйкес, баланың ата-анасы белгілі бір діни ағымды ұстанады. Сол себептен олар қан құйғызуға қарсылық білдірген. Өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Спикердің сөзінше, адам өлімі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, осыған дейін Ақмола облысында баласына қан құйғызудан бас тартқан ата-ана перзентінен айырылғанын жазған болатынбыз.