ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Бүгін сағат 03:02–де Анар станциясында әйел кісі пойыздың астына түсіп, мерт болды, деп жазады inform.kz.
— 2025 жылдың 10 маусымында сағат 03:02–де Анар станциясында жүк пойызының машинисі жол бойына кенеттен шыққан адамды байқап, шұғыл тежегішті басып үлгерген. Алайда, өте жақын қашықтыққа байланысты пойыз тоқтап үлгермеген. Әйелдің жеке басы анықталды. Суицид деп болжанып отыр. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді, — делінген хабарламада.
ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде жолдан өтпек болған әйелді пойыз басып кеткенін жазған едік.