Ақмола облысының тұрғыны 42 жастағы әйелді басынан балғамен ұрып өлтірді

0
777

42 жастағы әйелді кек алу үшін ұрған.


Ақмола облысының тұрғыны 42 жастағы әйелді басынан балғамен ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Макинск қаласының тұрғыны 42 жастағы әйелді балғамен ұрып өлтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы қазанның 9-да Бұланды аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың фельшері телефон арқылы хабарласып, «қарағұс тұсынан бас сүйегінің ашық сынығы» диагнозымен Макинск қаласының тұрғыны, 42 жастағы әйелдің жеткізілгенін айтқан.

Жедел-тергеу тобы әйелдің жақында сатып алған үйде ер адаммен және оның әкесімен - үшеуі бірге тұрғанын анықтады.

«Қылмыс болған күні кешке олардың үйіне Макинск қаласының тұрғыны келген. Ер адам осыған дейін бұл үйді оның туысқаны жалдап тұрғанын, бұлар үйді сатып алу арқылы оны баспанасынан айырғанын айтып, наразылығын білдірген. Кейін олар дауды спирттік ішімдік арқылы шешпек болған. Арақ ішкеннен кейін әкесі мен бірге тұратын әйел өз бөлмесіне кеткен. Екі ер адам қосылып, арақ ішуін одан әрі жалғастыра береді. Арада біраз уақыт өткен соң «қонақ» ас бөлмеден шығып, басқа бөлмеге кіреді. Одан шығып қолындағы балғасымен үйден шығып, кетіп қалады. Ол шығып кеткен кезде ер адам жатын бөлмеге барады. Онда еденде қан жоса болып жатқан әйелді көріп, жедел жәрдем шақырады» деді ведомстводан.

Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті, Макинск қаласының бұрын сотты болған 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Бастапқыда ер адам өзінің қылмысқа қатысы жоқтығын айтқанымен кейін зардап шеккен әйелді басынан ұрғанын мойындады.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.