Ақмола облысының тұрғыны банкте жалған 1000 долларды айырбастамақ болған

0
256

Оқыс оқиға 27 қарашада Ақмола облысы аудандарының бірінде болған.


Ақмола облысының тұрғыны банкте жалған 1000 долларды айырбастамақ болған

ERNUR.KZ. Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны банкте жалған банкноттарды айырбастауға тырысқан. Алайда қаржы мекемесі қызметкерлері жалған долларды бірден байқаған, деп жазады Zakon.kz.


Оқыс оқиға 27 қарашада Ақмола облысы аудандарының бірінде болған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 жастағы ер адамның қолында жалпы сомасы 1 мың АҚШ долларын құрайтын 10 купюра болған. Олардың барлығы тексере келгенде, жалған болып шықты. Банк қызметкерлері қырағылық танытып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлады.



"Осы факт бойынша мән-жайларды нақтылау үшін ұсынылған банкноттардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтайтын сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінде жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны үшін жаза белгіленген 231-бап бар", делінген полиция хабарламасында.

Осылайша, жалған банкноттарды немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе ауыстыру 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Егер қылмысты адамдар тобы ірі мөлшерде немесе бірнеше рет жасаса, мүлкі тәркіленіп, жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ұлғаяды. Қылмыстық топтар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.