Ақмола облысының тұрғыны өз анасын ұрған

0
448

Ақмола облысында анасын ұрды деген күдікке ілінген 51 жастағы азамат ұсталды.


Ақмола облысының тұрғыны өз анасын ұрған

ERNUR.KZ. Бұрын қарт ананың қызынан ағасы 85 жастағы анасына дене жарақатын салды деген арыз түскен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгінде 51 жастағы ер адам егде жастағы анасын ұрды деп күдіктеліп отыр. Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енді.