Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

0
1 121

Ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған.


Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Тергеу амалдары басталды. Ақмола облысы Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, деп жазады inbusiness.kz.

«12 қазан күні 13:52 -де Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне елдімекен тұрғыны қоңырау шалған. Ол үйдің ауласында көршісінің ес -түссіз жатқанын хабарлады. Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген», – деп жазылған полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полицияның мәліметінше, суицид туралы хат табылмады. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрды.

«Өз-өзіне қол жұмсау себебі әзірге белгісіз, марқұмның несиесі болмаған. ҚР ҚК 105 -бабы бойынша (суицидке дейін жеткізу) тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.