Күдікті 68 жастағы Жібек Жолы кентінің тұрғыны болып шықты.
Ақмолада адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде учаскелік полиция инспекторы капитан Бекзат Туляпов маршруттық автобус жүргізушісін өлтіруге оқталған күдіктіні анықтап, ұстады.
Жәбірленушіден арыз Аршалы АПБ кезекші бөліміне 27 шілде күні кешкі сағат 23:12 келіп түсті. 47 жастағы жүргізуші кешкі сағат 22:00 шамасында Жібек Жолы кентінде автобус аялдамасында жолаушыларды күту кезінде маршруттық автобусқа белгісіз ер адам кіргенін, мас күйде болғанын және себепсіз оған пышақпен соққы жасауға тырысқанын хабарлады.
Оқиға орнына дереу келген учаскелік инспектор капитан Бекзат Туляпов қаскүнемді жеке тергеумен анықтап, ұстады және күдіктіні жедел-тергеу тобына берді.
Күдікті 68 жастағы Жібек Жолы кентінің тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер: пышақ пен бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-24-бабының 3-бөлігі-99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.