Ақмолада енесінің ақшасын онлайн-ойындарға аударған әйел ұсталды

0
466

35 жастағы әйел өз кінәсін толық мойындаған.


Ақмолада енесінің ақшасын онлайн-ойындарға аударған әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмолада енесінің ақшасын онлайн-ойындарға аударған әйел ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

Мұндай ұрлықтың тағы бір фактісі Степногорск қаласында тіркелді. Ағымдағы жылдың 12 мамырында жергілікті полиция басқармасына 57 жастағы әйел арызданған. Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 30 наурыз бен 12 мамыр аралығында белгісіз тұлға “Халық Банк” қосымшасының көмегімен оның банктік шотынан 81,5 мың теңге сомасында ақша қаражатын аударған. Барлық мән-жайларды анықтау үшін жәбірленуші дереу полицияға хабарласуды шешті. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс бастады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары өз кінәсін толық мойындаған 35 жастағы әйелді анықтады. Күдікті жәбірленушінің келіні болғаны белгілі болды. Наурыз айының соңында әйелдің барлық құжаттарына қол жеткізген келіні өзінің телефонына қайын енесінің шоттарына банк қосымшасын орнатып, онлайн-ойындар ойнай бастаған, осылайша жұмсалған ақшаны көбейткісі келген.