Ақмолада ер адам өгей әкесін аяусыз ұрып-соққан

0
419

Күдікті өгей әкесін ағаш орындықпен жарақаттаған.


Ақмолада ер адам өгей әкесін аяусыз ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Ақмолада полицейлер өгей әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адамды ұстады, деп жазады Polisia.kz.

2021 жылғы 24 сәуірде сағат 21:05-те Қорғалжын ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан ұлының күйеуіне дене жарақатын салғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бұрын бірнеше рет сотталған 32 жастағы ер адамның 54 жастағы өгей әкесіне дене жарақатын салғанын анықтады.

Нәтижесінде, ер адам орталық аудандық ауруханаға “бас терісінің бірнеше рет кесу-шаншу жаралануы, 1-2 дәрежелі геморрагиялық естен тану, кома” диагнозымен жеткізілді.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, күдікті анасына қонаққа келген, алкоголь ішу кезінде ол өгей әкесіне жасаған реніштерін есіне түсіріп, ағаш орындықпен жәбірленушіні жарақаттаған.

32 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жалғасуда.