Өлген иттің және оны көтеріп әкетіп бара жатқан ер адамның суреті мен бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген тұрғынға қатысты тергеу басталды, деп жазады inbusiness.kz.
Өлген иттің және оны көтеріп әкетіп бара жатқан ер адамның суреті мен бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторының сөзінше, оқиға Степногорск қаласында болған.
"Тұрғын мас күйінде итті 5-қабаттан лақтырып жіберді.... Итті жақын маңдағы қараусыз қалған жерге көме салды. Қан іздерін жасыруға тырысты...", - делінген жазбада.
Осы ретте, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.