АҚШ-та кибералаяқтықпен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталды

0
364

АҚШ құқық қорғау органдары Александра Ходыревке ауыр айып тағып отыр.


АҚШ-та кибералаяқтықпен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталды

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттарында кибералаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы Александр Ходырев ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы мәлімет CourtListener порталында шықты.

АҚШ құқық қорғау органдары Александра Ходыревке ауыр айып тағып отыр.

Александр Ходырев пен Ресей азаматы Павел Кублицкий заңсыз алынған мәліметті сатумен және айырбастаумен айналысқан. Сол үшін оларға айыпталып жатыр, - делінген хабарламада.

АҚШ-ты айтпағанда елімізде де жеке деректердің таралуына қатысты қылмыс көбейіп барады.

Мысалы, жақында Қазақстан цифрлық даму министрлігі мен кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА) қазақстандықтардың деректері көбірек таралып кетіп жатқанын хабарлады.