Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады

0
92

Оқиға кәсіпорын аумағындағы №1 балқыту цехында болған.


Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Кәсіпорын мәліметінше, №15 пештің түтін мұржасының бір бөлігі қатты желдің әсерінен құлаған. Зардап шеккендер жоқ, ал оқиға өндірістік үдеріске айтарлықтай әсер етпеген, деп жазады inbusiness.kz.

Қазхром компаниясының хабарлауынша, негізгі технологиялық процестер қалыпты режимде жалғасып жатыр. Нысанға соңғы техникалық тексеру 2023 жылы жүргізілген.

Қазіргі уақытта кәсіпорында қолайсыз ауа райына байланысты жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Мамандар нысанның жағдайын бақылап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.