Ақтау күніне арналған мерекелік шараларды өткізбеуге шешім қабылданды

0
102

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде көз жұмғандар саны 12-ге жетті.


Ақтау күніне арналған мерекелік шараларды өткізбеуге шешім қабылданды

фото: Пресс-служба акимата Мангистауской области

ERNUR.KZ. Ақтауда қала күніне арналған мерекелік шаралар өткізбеуге шешім қабылданды, деп жазады sputnik.kz.
Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Ақтаудағы "Амфитеатр" алаңында 25-07 қыркүйекке жоспарланған мерекелік концерттер өткізілмейді.
"Атап айтқанда, 25 қыркүйекке жоспарланған "Каспий – достық теңізі" фестивалінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ 27 қыркүйекте өтетін фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты мен Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт өткізілмейді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Көз жұмғандар саны 12-ге жетті. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған екі әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.