Ақтау полициясы 15 жасында отау құрғандардың жағдайы не болатынын айтты

0
1 171

Ақтау қалалық әкімдігі жас жұбайлардың өз некесін тіркемегенін хабарлады.


Ақтау полициясы 15 жасында отау құрғандардың жағдайы не болатынын айтты

ERNUR.KZ. Ақтау полициясы 15 жаста отау құрған жас жұбайлардың видеосын тексеруге кірісті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жас жұбайлардың кім екені анықталды. Қазіргі кезде кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы бөлім мамандары видеоны зерделеп жатыр.
"Жасөспірімдердің аты-жөні анықталды. Алдағы уақытта бөлім мамандары тиісті ақпаратты Ақтау қалалық әкімдіктің кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне жібереді. Сол жерде жас жұбайларды есепке қою мәселесі қаралуы мүмкін", - дейді құқық қорғаушылар.

Ал Ақтау қалалық әкімдігі жас жұбайлардың өз некесін тіркемегенін хабарлады. Себебі заң бойынша некеге тұратын жасқа толмаған.