​Ақтау теңіз портының аумағы кеңейді

0
71

АЭА аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі 83 пайызды (өзгеріссіз) құрайды.


​Ақтау теңіз портының аумағы кеңейді

Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Ел Үкіметінің 5 желтоқсандағы қаулысымен «Ақтау теңіз порты» АЭА шекарасы кеңейтілді, деп жазады inform.kz.

Құжатта «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Маңғыстау облысының аумағында Аштау мен Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқаны атап өтіледі.

- АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда 9 814,503 гектарды құрайды және ҚР аумағының ажырамас бөлігі саналады, - делінген құжатта.
Бұған дейін аталған аймақтың ауданы 4 407,503 гектарды құраған еді.
Сонымне қатар «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағының жоспары жаңа жаңартылды. Соған сәйкес, АЭА аумағына мыналар кіреді:
- порт аймағы – 656,3543 гектар;
- индустриалдық аймақ – 7 428,1487 гектар;
- логистикалық аймақ – 1 730 гектар.
Арнайы экономикалық аймақ үшін 2052 жылға арналған жаңа мақсатты индиатор белгіленген:
- жалпы инвестиция көлемі – 1 320 млрд теңге (980 млрд теңге болатын);
- АЭА аумағындағы тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі – 1 600 млрд теңге.
- қатысушылар (компаниялар) саны – 180 бірлік (150 болатын);
- АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны – 7 900 адам (5 800 болатын).
АЭА аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі 83 пайызды (өзгеріссіз) құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау мен Құрық порттары жаңғыртылып, Әзербайжаннан екі кеме сатып алынатыны хабарланды.