Ақтауда адам өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсаған

0
79

Ер адамды өлтірген күдікті артынша суицид жасаған.


Ақтауда адам өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсаған

Фото: Lada.kz

ERNUR.KZ. 4 ақпанда таңертең полиция басқармасына Ақтаудағы №22 үйде түрлі дене жарақаттары бар ер адам табылғаны туралы хабар түскен, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға орнына бес минуттың ішінде жеткен полицейлер жәбірленуші қайтыс болғанын анықтаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ер адамды өлтірген күдікті артынша суицид жасағанын хабарлады. Бақылау камералары арқылы күдікті табылды. Сонымен қатар, оның қайда жүргені де анықталған.

Полицейлер мекенжайға отыз минуттың ішінде келгенде күдікті суицид жасағаны белгілі болған. Болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, дейді полицейлер.