Ақтауда алаңаға жиналғандар орталық жолды жапты

0
747

Жаңаөзендегі наразылық шеруін жалғасып, автокөлік газының бағасын төмендетуді талап еткендер таңға дейін орталық жолда тұрды.


Ақтауда алаңаға жиналғандар орталық жолды жапты

ERNUR.KZ. Ақтауда алаңаға жиналған жастар орталық жолды жапты, деп жазады ulysmedia.kz.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, алдымен халық «Ынтымақ» алаңына жиналды.

Осыдан кейін бір топ жас орталық жолға қарай бет алған. Олар Жаңаөзендегі наразылық шеруін жалғастырып, автокөлік газының бағасын төмендетуді талап етіп таңға дейін тұрды.

Куәгерлердің айтуынша, Жаңаөзенде интернетпен байланыс нашар.

Еске сала кетейік, Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Қала тұрғындары ең төменгі жалақы мөлшерін ескере отырып, газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендетуді cұрап орталық алаңға митингке шықты.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында газ бағасының өсуімен келіспейтіндіктерін білдірген наразылық шеруін растап отыр.

«Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды мәселені құқықтық бағытта, сындарлы қоғамдық диалог арқылы шешуге шақырды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандарға қоғамдық тәртіпті бұзу – азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, тәртіпті сақтау қажеттігін түсіндірді», – делінген баспасөз хабарламасында.