Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.
primeminister.kz
ERNUR.KZ.Ақтауда "МАЭК" ЖШС-інде болған оқиға салдарынан екі жұмысшы зардап шекті, - деп жазады Tengrinews.kz.
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, оқиға 23 сәуірде сағат 10:30-да болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі жұмысшы негізгі конденсаторды қышқылмен жуу жатқан. Тұз қышқылының ерітіндісі қышқыл айдау сорғысының көмегімен шланг арқылы берілген.
Жұмыс аяқталып, сорғы өшірілгеннен кейін, шлангты шешу кезінде тұз қышқылы ерітіндісі шашырап, салдарынан жұмысшылардың беті мен көзіне тиген.
Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.
"Жұмыс беруші бұл жазатайым оқиға туралы белгіленген тәртіппен Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарлады. Қазір алған жарақаттардың ауырлық дәрежесі туралы медициналық қорытынды күтіледі. Ауыр немесе топтық жазатайым оқиға белгілері анықталған жағдайда, тергеу мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тергеу нысанында жүргізіледі", - деді Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кемалов.


