Ақтауда аулада бөтеннің баласын соққан әйелдің үстінен іс қозғалды

0
352

Әйел Ақтаудағы балалар алаңында біреудің баласын ұрған.


Ақтауда аулада бөтеннің баласын соққан әйелдің үстінен іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ақтауда болған оқиғаның видеосы күні кеше әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Полиция бүгін оның үстінен іс қозғалғаны жөнінде ақпарат таратты, деп жазады ulysmedia.kz.

Әйел Ақтаудағы балалар алаңында біреудің баласын ұрған. Бұл туралы әуелі Лада редакциясы жазды. Бейнероликте қаланың 20 шағын ауданның тұрғындары ойын алаңында отырған баланы ұрып-соққан әйелге шағымданады. Аймақ полиция департаментінде бұл факт расталды.

– Әйелдің жеке басы анықталды. Ол қоғамдық орындарда қудалау фактісі бойынша жауапқа тартылды, - деді әуелі полиция.

Алайда күн өткен соң полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғаған. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 109-бабы (ұрып-соғу) бойынша қозғалып отыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды..