Ақтауда дәрігерлер уланған мейрамхана қызметкерлерінен стафилокок табылды

0
869

Комиссия тексеріс барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен салмағы 220 келі болатын өнімнің 73 түрін анықтап, оны жойды.


Ақтауда дәрігерлер уланған мейрамхана қызметкерлерінен стафилокок табылды

ERNUR.KZ. Ауызашардағы дәрігерлердің улану оқиғасынан кейін 16 дәрігер ұшынып ауруханаға түскенде, облыстық эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері мейрамхананың 21 қызметкерін тексерді. Нәтижесінде жеті науқастан стафилококк анықталды, деп жазады zakon.kz.

Сонымен қатар, тексеру барысында 20 қызметкердің жалған медициналық кітаптары табылып, төртеуінде мүлде болмаған. Сонымен, 24 адам жұмыстан шеттетілді.

Комиссия тексеріс барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен салмағы 220 келі болатын өнімнің 73 түрін анықтап, оны жойды.

«ӘҚБтК-нің 425-бабының 2-бөлігіне сәйкес жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексерулер және адам денсаулығына зиян келтірген іс-әрекеттер нәтижесінде анықталған санитарлық талаптарды өрескел бұзғаны үшін Ақтау қалалық полиция бөліміне хат жолданды. Қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін анықтау мақсатында», - деді ведомство басшысының орынбасары Асылбек Шаров брифингте.

Қазір Ақтаудағы қонақүйлердің біріндегі мейрамханадағы ауызашардан уланғандардың жағдайы бір қалыпты. Олардың барлығы ауруханадан шығарылды.

Бұған дейін Ақтауда ауызашарға, мейрамханаға барған облыстық емдеу мекемелерінің елуге жуық дәрігері өздерін жайсыз сезінгені хабарланған болатын. 16 адам ауруханаға түсті, қалғандары өз бетінше үйде емделді.