Жол-көлік оқиғасы әйелдер такси тоқтатып тұрған жерінде болған.
ERNUR.KZ. Ақтауда екі жүкті әйелді көлік қағып кетті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді, деп жазады Тengrinews.kz.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жол-көлік оқиғасы 23 желтоқсанда 16:00 шамасында 26-ықшамауданындағы балалар ауруханасының маңында әйелдер такси тоқтатып тұрған жерінде болған.
"Жедел жәрдем бригадасы дереу оқиға орнына жеткен. "Зардап шеккен екі әйел де ауруханаға жеткізілді. Бір әйел жүктіліктің 34-аптасында, оның жасы қырықта. Екіншісі жүктіліктің 22-ші аптасында, жасы 31-де", - деді ведомство өкілдері.
Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.