Ақтауда ер адам досын пышақтап тастады

0
101

Бірақ ер адам өзіне пышақ салған досының үстінен арыз жазудан бас тартқан.


Ақтауда ер адам досын пышақтап тастады

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ақтауда ер адам досына пышақ жарақатын салды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 2-ші шағын аудандағы №46 үйде болған.
"Алкогольді ішімдік ішкен екі дос жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісінің жамбасына пышақ салған", - дейді полицияда.
Зардап шеккен ер адам емделіп жатыр. Бірақ ол өзіне пышақ салған досының үстінен арыз жазудан бас тартқан.

Алайда оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, дейді Маңғыстау полициясы.