Азаматша E-өтініш платформасы арқылы ресми түрде шағым түсірген.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында тұтынушының құқығы сәтті қорғалды, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті хабарлады.
31 шілде күні Ақтау қаласының тұрғыны ерін үлкейту процедурасын жасау үшін сұлулық салонына барған. Процедура алдында ол маманға бала емізу кезеңінде екенін және мұндай қызметті алу медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім екенін ескерткен. Алайда косметолог бұл ескертуді елемей, инъекция жасаған.
Нәтижесінде тұтынушыда ауырсыну, көпіршіктер және жалпы жайсыздық пайда болған. Азаматша E-өтініш платформасы арқылы ресми түрде шағым түсірген.
Департаменттің араласуымен тұтынушыға 80 мың теңге көлеміндегі төлем толық қайтарылды. Бұл жағдай азаматтардың өз құқықтарын білуінің, медициналық қызметтерге мұқият қарауының және қажет болған жағдайда тиісті органдарға жүгінуінің маңыздылығын көрсетеді.