Ақтауда жеке мектепте әйел еден жуушының шелегін теуіп жіберген: Оқиға бойынша тергеп-тексеру басталды

0
116

Маңғыстау облысының білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.


Ақтауда жеке мектепте әйел еден жуушының шелегін теуіп жіберген: Оқиға бойынша тергеп-тексеру басталды

ERNUR.KZ. Ақтаудағы Tulpar School жеке лицейінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан әйелдің еден жуып жүрген қызметкердің су толы шелегін теуіп жібергенін көруге болады, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, видеодағы әйел мектеп директорының жұбайы деген мәлімет бар. Сондай-ақ болған оқиғаға байланысты полицияға арыз түскені де айтылып жатыр. Маңғыстау облысының білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Комиссия тексеріс барысында екі тараптың да түсініктемесін тыңдап, болған жағдайға құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан баға береді. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.