Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз табылды

0
724

Қыздың жоғалу себебі айтылмайды.


Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз табылды

ERNUR.KZ. Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қыздың туыстары жоғалып кеткен 16 жастағы Гүлзамира Ыбырай табылғанын айтқан. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Бұл туралы республикалық іздестіру ерікті қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаев мәлімдеді.

Іздестіру жұмыстарына із-түссіз жоғалған 16 жастағы Гүлзамира Ыбырайдың туыстары, тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылған.

Қыз 4-шағынаудандағы үйден шығып кеткені хабарланды. Кейін ол отбасымен байланысқа шықпаған. Бірнеше сағаттық іздестірулерден кейін қыз аман-есен табылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Республикалық ерікті іздестіру қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаевтың айтуынша, іздеу жұмыстарына 13 ерікті жұмылдырылған.

Қыздың жоғалу себебі айтылмайды.