Matiz жүргізушісі «зебрада» балаларға жол бермеген.
Фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге айыппұл салынды. Daewoo Matiz көлігінің иесі үш баланы басып кете жаздады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жүргізуші балаларды елемеген
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше тәртіп бұзушылық әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде тіркелген.
Полицейлер жариялаған видеодан Daewoo Matiz көлігінің Ақжелкен ауылының аумағында рұқсат етілген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан кішкентай жаяу жүргіншілерді елемей, өте шыққанын көруге болады.
«Ақтау қаласы ПБ инспекторлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы – «жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жол бермеу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды», - делінген хабарламада.
Айыппұл – 39 мың теңге
Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады — бұл қазіргі мөлшерлеме бойынша 39 320 теңге.