ERNUR.KZ. Ақтауда еріктілер бірнеше рет шағымданған жылжымалы хайуанаттар бағы тексерістен өтті. Нәтижесінде хайуанаттар бағының иесіне 110 760 теңге айыппұл салынды, деп жазады Stan.kz.
Тексеру кезінде мамандар құзыреті шегінде қандай да бір заң бұзушылықтарды таппады.
"Жабайы жануарларда ветеринарлық анықтамалар, төлқұжаттар бар. Олар екпе алған", - деп хабарлады инспекция.
Алайда, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметтері бойынша, жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы заңнама бұзылған. Сол үшін хайуанаттар бағының иесіне (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабы) 30 АЕК-ке дейін (110 760 теңге) айыппұл салынады.