Ақтаудағы кафеде қайғылы жағдай орын алды: полиция қылмыстық іс қозғады

0
64

Алдын ала деректер бойынша, қайтыс болған азамат — 24 жастағы жергілікті тұрғын.


Ақтаудағы кафеде қайғылы жағдай орын алды: полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ақтау қаласының 7А шағынауданындағы жағалаулық кафеде 1 желтоқсанда ер адамның асылып тұрған денесі табылды, деп жазады zakon.kz.

Алдын ала деректер бойынша, қайтыс болған азамат — 24 жастағы жергілікті тұрғын.

"Оқиға орнында ешқандай жазба, немесе қоштасу хаты табылған жоқ. Отбасы мүшелері оның бұрын қандай да бір проблемаларының барын байқамағанын хабарлады", – делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл іс бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе көмектесу" дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.