Рейсті орындау кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Ақтауда жолаушыны медициналық қызмет мамандары қарсы алды.
ERNUR.KZ. Стамбұлға аттанған жолаушылар ұшағы Ақтауға қайта оралды. Борттағы жолаушының денсаулығына байланысты осындай шешім қабылданды, деп жазады sputnik.kz.
"Рейсті орындау кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Әуе кемесінің командирі Ақтауға қайта оралу керек деп шешті. Жолаушыны медициналық қызмет мамандары қарсы алды. Тиісті процедуралардан кейін ұшақ Стамбұлға аттанды. Жолаушылардың қауіпсіздігі - біз үшін басты назарда", - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Бұған дейін ұшу-қону жолағында мұз қатуына байланысты Air Astana ұшағы Орал қаласында қона алмағаны хабарланған болатын. Рейс бағытын өзгертуге тура келді. Әуе кемесі командирінің шешімі бойынша ұшақ Ақтөбе әуежайына қонды.