Ақтауға оралған ұшақтағы баланың жағдайына қатысты қосымша мәлімет белгілі болды

0
735

Алты айға толмаған нәресте жан сақтау бөліміне жатқызылды. Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылды.


Ақтауға оралған ұшақтағы баланың жағдайына қатысты қосымша мәлімет белгілі болды

ERNUR.KZ. Стамбулға ұшып шығып қайта Ақтауға оралған ұшақтағы кішкентайдың жағдайына қатысты қосымша ақпарат белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Ұшақ көкке көтерілгенде алты айлық нәресте өзін бірден жайсыз сезініп, хәлі нашарлап кеткен. Экипаж командирі Ақтау әуежайына оралуға шешім қабылдады, сол жерден Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясының басқару пультіне қоңырау түсті.

"Жедел жәрдем тобы сәбиді дереу Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді, ондағы жедел жәрдем бөлімінде кезекші жедел реаниматолог баланы қарап, анестезиология және жансақтау бөліміне жатқызды. Тексеруден кейін дәрігерлер диагноз қойды: Екі жақты пневмония, өте ауыр жүруі. ОДН-ның екіншісі деңгейі, ОССН-нің 1-2 деңгейі. Фебрильді ұстама. Баланы қабылдау кезіндегі жағдайы өте ауыр болды, ол дереу жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ата-анасының айтуынша, баланың ұшақта ұстамасы ұстаған. Қазіргі уақытта, жүргізіліп жатқан реанимациялық шараларға қарамастан, баланың жағдайы ауыр депбағаланады.