Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті

0
483

​Қаза болған балалар 5 және 6 жаста болған.


Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында ересектердің қарауынсыз жүрген екі бала суға батып кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Қайғылы жағдай 12 мамыр түнде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар түнгі 22:29-да түскен. 5 және 6 жастағы екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар келгенше ауыл тұрғындары бес жастағы баланың денесін судан шығарып алған. Түнгі он екі шамасында құтқарушылар жағадан үш метр, тереңдігі 7 метр жерден екінші баланың денесін алып шықты, ол 6 жаста болған.

Екеуінің ересектердің қарауынсыз жүргені, суға киімсіз түскені анықталды. Соған байланысты төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.