Ақтөбе облысында блок-бекет арқылы заңсыз жолаушы тасымалдаған ер адам ұсталды

0
713

InDriver қосымшасының көмегімен жүргізуші және фармацевтикалық компанияның өкілі Ақтөбеге жолаушыларды жинаған.


Ақтөбе облысында блок-бекет арқылы заңсыз жолаушы тасымалдаған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері қалааралық тасымалдауды заңсыз жүзеге асырып келген ер адамды анықтады, деп хабарлайды Хабар24.

Ақтөбе қаласынан Қобда бағытында (Маржанбұлақ ауылы) №1 блок-бекетке 5 жолаушысы бар «Хонда-Элюзион» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісі фармацевтикалық компанияның өкілімен Ақтөбе қаласынан Орал қаласына дәрілік заттарды тасымалдауды жүзеге асырған. InDriver қосымшасының көмегімен жүргізуші және фармацевтикалық компанияның өкілі Ақтөбеге жолаушыларды жинаған. Төрт жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ал жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы (төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер) бойынша хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Полиция департаменті азаматтарды заңсыз тасымалдаушылардың қызметін пайдаланбауға және төтенше жағдай кезінде қойылатын барлық талаптарды орындауға шақырады. Мұндай құқық бұзушылықтар қатаң түрде жауапқа тартылатыны еске салады. Сонымен қатар блокпостарда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлеріне бақылау күшейтілді.