Сол күні ауылда 9 электр бағанасы құлаған.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында бір ауылда қатты дауылдың салдарынан 51 ғимараттың шатырына зақым келген. Соның ішінде 35 тұрғын үй бар, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ойыл ауданындағы Көсембай ауылында 9 тамыз күн кешкі уақытта қатты дауыл көтерілді. Ауылда электр бағаналар құлап, шатырлар мен шарбақтар желмен ұшып кеткен.
Облыстық әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес, Көсембай ауылында қатты дауылдың салдарынан 51 ғимараттың шатырына зақым келген. Соның ішінде 35 тұрғын үй бар. Қалғаны шаруашылық құрылыстар – қоралар және тағысын тағы. Жалпы, осы ауылда 74 үй бар. 380 адам тұрады.
Сол күні ауылда 9 электр бағанасы құлаған. Қазіргі кезде жетеуін көтеріп қойды. Барлық бағананы көтергеннен кейін электр қуатын береді. Шығынның көлемі әлі есептелген жоқ.
Көсембай ауылы аудан орталығынан 60 шақырым шалғай жерде орналасқан.