Ақтөбе облысында мектеп автобусы жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты

0
693

Қайғылы оқиға 28 желтоқсанда кешкі уақытта болған.


Ақтөбе облысында мектеп автобусы жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбе – Астрахань тасжолында мектеп автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Белгілі болғандай, оқиға 28 желтоқсанда кешкі уақытта болған.

«ПАЗ мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шыққан кезде негізгі жол бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, DAF жүк көлігімен соқтығысқан, Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.