Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, деп жазады tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша жүргізіліп жатыр.
"Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерттеп жатыр. Толық әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне және кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


