Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар тас жолда жаппай апат болды

0
1 178

11 көлік қақтығысқан жол апатынан 8 адам зардап шеккен.


Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар тас жолда жаппай апат болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар тас жолда жаппай жол апаты болды, деп жазады Tengrinews.kz.

11 көлік қақтығысқан апат жолдың 859-шы шақырымында болған.

"Mercedes жүргізушісі жолдың тайғақ бөлігінде көлігін басқара алмай, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ 2115 автокөлігімен соқтығысты. Қауіпсіздік мақсатында патруль полиция наряды барлық көлік құралдарының қозғалысын жауып тастады. Осы уақытта метеорологиялық жағдайды ескерместен жолға шығып кеткен Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, Хромтау қаласы жағынан келе жатып, жол жиегіндегі тоғыз көлікті қаққан", - делінген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарламасында.


8 адам зардап шекті, олар Хромтау аудандық орталық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізді.

Полиция тұрғындардан жол жүрмеуді сұрайды.