Тағы екі жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде жол-көлік апаты салдарынан үш адам көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға 21 маусым күні сағат 17:21-де «Қарабұтақ-Қостанай» автожолының 171-шақырымында болды.
«Lifan» автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, Ресей азаматының басқаруындағы «Man» жүк автокөлігімен соқтығысты.
Салдарынан «Lifan» автокөлігінің жүргізушісі, 41 және 62 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
«Сонымен қатар 52 жастағы әйел мен 48 жастағы ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтамай, қайғылы жағдайға душар болып жатады», - дейді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.