Ақтөбе облысының 18 ауылында газдандыру жұмыстары жүргізіледі

0
1 202

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының негізгі мақсаты ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту, ел тұрғындарының проблемаларын шешуге бақытталған.


Ақтөбе облысының 18 ауылында газдандыру жұмыстары жүргізіледі

ERNUR.KZ. Вестник Кавказа Ақтөбе облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға 1,2 млрд теңге жұмсалады, деп жазады «Хабар 24».

Бөлінетін бюджет қаржысы өз алдына, меценаттар да бірнеше әлеуметтік жобаны іске асырады. 3 бірдей аудан орталығында ірі спорт кешені салынады. Елді мекендердің ішкі жолдары жөнделеді. Сонымен қатар 18 ауылды газдандыру жұмыстары басталады. Ауыл-аймақтың ажарын ашып, әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған жобаны Елбасы ұсынған болатын. Осы ірі бағдарлама аясында облыста «Ауыл қамқоршысы» акциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде былтыр 2 млрд теңгеге 344 жоба іске асты. Бірнеше ауылда жолдар мен көпірлер жөнделді. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасы нығайтылды.

Олжас Смағұлов, облыс әкімінің орынбасары:

– «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының негізгі мақсаты ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту, ел тұрғындарының проблемаларын шешуге бақытталған. Биыл кәсіпкерлердің қаражаты есебінен 300-ден астам әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оларды іске асыру үшін ең кемінде 2 млрд теңге жеке инвестиция тартылады