Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

0
883

Оқиға биыл 29 тамызда болған.


Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам психика жағдайы нашар болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қылмыс бойынша күдікті - 29 жастағы ақтөбелік. Енді ол психдиспансерде емделетін болады.

Оқиға биыл 29 тамызда болған. Екі ер адам автобуста сөзге келісіп қалып, аялдамаға келгенде сыртқа шыққан. Жанжал барысында біреуі қарсыласын пышақтап, супермаркет маңындағы көше бойымен қашып кеткен. 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған. Пышақ оның жүрегі мен өкпесіне тиген.

"Қылмыстық іс тоқтатылды. Медициналық шаралар қарқынды бақылаумен психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде шара тағайындалды", - деп мәлімдеген Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.