Ақтөбеде 7 қабатты үйдің терезесінен құлаған 5 жасар бала көз жұмды

0
167

6 және 7 мамыр күндері екі бала бесінші қабаттан құлап кетті.


Ақтөбеде 7 қабатты үйдің терезесінен құлаған 5 жасар бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. Бөлмеде ойнап жүрген 5 жасар бала терезеден құлап кетті, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жаз мезгілінде терезе жиі ашық тұратынын айтып, тұрғындарға жиі ескерту жасап келеді. Дегенмен балалардың терезеден құлап кету дерегі жиілеп кетті.

– Бала бөлмеде ойнап жүріп, терезе алдына шыққан. Олар көпқабатты үйдің 7-қабатында тұрады. 5 жасар бала абайсызда құлап, алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Биыл облыста 7 бала терезеден құлады. Біреуі қайғылы аяқталып тұр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, 6 және 7 мамыр күндері екі бала бесінші қабаттан құлап кетті. Олардың бірі – 2-де, ал, екіншісі – 5 жаста. Екеуі де бірден облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бес жасар баланың облыс орталығына Шалқар ауданынан келгені анықталды.