​Ақтөбеде екі айлық сәбиге қызуды түсіретін екпе салдарынан үшінші рет ота жасалуы тиіс

0
1 198

Кішкентай Айсана бір апта жансақтау бөлімінде жатып, оған екі ота жасалған.


​Ақтөбеде екі айлық сәбиге қызуды түсіретін екпе салдарынан үшінші рет ота жасалуы тиіс

ERNUR.KZ. Ақтебеде екі айлық сәбиге қызу түсірілетін екпе салынып, одан кейін екі ота жасауға тура келген. Енді кішкене Айсанаға үшінші ота жасалуы тиіс деп жазады NUR.KZ. 31 арна.сілтеме жасап.

Айсананың әкесі Дәурен Смайыловтың сөзінше, сәбиді көрген хирург бұл жөргектен болған деген тұжырым жасаған.

«Біз жөргекті туылғанынан бері, 40 күн бойы пайдаланып келеміз. Мұның бәрі жөргек үшін емес, сол екпенің салдарынан болды. Мен Әйтеке би аудандық орталық аурухананың дәрігерлеріне қатысты шара қолдануды талап етемін. Олар айлық балаға инемен дәрі салып, дұрыс диагноз қоймады», - дейді Комсомол аулының тұрғыны Дәурен Смайылов.

Облыстық ауруханының дәрігерлері сәбиге стафилакокк салдарынан шап аумағында пайда болған шірік флегмонасы диагнозын қойған. Дерт салдарынан тері астылы май жасушасының тіндері жылдам өлі еттеніп, іріңдейді.

Кішкентай Айсана бір апта жансақтау бөлімінде жатып, оған екі ота жасалған. Енді міне оған үшінші ота жасалмақ. Бүгінгі таңда оның жағдайы тұрақталған.

Ал Дәреу Смайылов министрлікке, денсаулық сақтау басқармасы мен полицияға шағымданбақ. Ол Айсана ауханадан шыққаннан кейін сотқа жүгінбек ниетте.

Оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасында комиссия құрылған. Олар мән-жайды анықтайтын болады.

«Инемен дәрі егудің салдарынан бұлай болуы мүмкін емес. Екіншіден, ине салғаннан аллергия немесе басқа да қиындықтар болар еді. Біздің көріп отырғанымыз, жаңа туған нәрестелерде болатын шірік флегмонасы диагнозына тән», - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.