Ақтөбеде кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген қаскөй ұсталды

0
912

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Ақтөбеде кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген қаскөй ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 2016 жылдан бері іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол кісі өлтірді деген күдікке ілінген, деп жазады zakon.kz.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері 5 маусымда Самара-Шымкент тас жолында кісі өлтіру қылмысы бойынша іздеуде жүрген 1985 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталғанын хабарлады.

Ер адам Шымкенттен Ақтөбеге қарай жаяу келе жатқан. Полиция оны жолда тоқтатып, оның сөмкесін ақтарған. Сөмкеден ер адамның жеке заттарынан бөлек бұзаудың басы мен еті табылды. Белгілі болғандай, Шымкенттен Ақтөбеге қарай бет алған ер адам Ырғыз ауданы маңында далада жайылып жүрген бұзауды ұрлап, оны сойып алған. Ұсталған адам өз қылмысын мойындады.

Күдіктінің жеке басын тексеру кезінде бұзау ұрландан басқа да оның басқа қылмысқа қатысы бар анықталды. Нақтырақ айтқанда, 2016 жылдан бастап Алматы облысы полиция департаменті кісі өлтіру ауыр қылмысы бойынша оған халықаралық іздеу жариялаған.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.