Ақтөбеде колледж студентінен тапанша табылды

0
931

Полицияның кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы «Студент» алдын алу шарасы кезінде жатақханаларды тексеріп, пневматикалық қаруы тәркілеген.


Ақтөбеде колледж студентінен тапанша табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде «Студент» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Инспекторлар жатақханада жататын студенттен пневматикалық тапанша тәркіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінде оқитын студент қарумен жүрген. Қаладағы ювеналды полицияның кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы «Студент» алдын алу шарасы кезінде жатақханаларды тексеріп, «WAITHER КАЛИБР 4,5» пневматикалық қаруын тәркіледі.

«Тапанша тәркіленіп, студент пен оның ата-анасы Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға шақырылды. Алдағы уақытта бала тәрбиесіне қатысты іс қаралып, шешім шығарылады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.