Ақтөбеде мал шаруашылықтарының бірінде мал уланды

0
544

Бастапқыда органдарда ішкі өзгерістер байқалмағаны анықталды, алдын-ала диагноз - улану деп танылды.


Ақтөбеде мал шаруашылықтарының бірінде мал уланды

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Санжар-Т» шаруа қожалығындағы жануарлардың өлімі шілде айының басында басталғанын мәлімдеген, алайда ШҚ басшысынан Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына ресми хабарлама 26 шілдеде келіп түскен, деп жазады baq.kz.

Мал өлімі туралы ақпарат алғаннан кейін ЖАО ветеринарлық станциясының ветеринарлық пунктінің меңгерушісі оқиға орнына келіп, одан әрі зерттеу үшін бір жануарды сойды. Ерекше қауіпті ауруларды болдырмау үшін патологиялық материал таңдалды.

Бастапқыда органдарда ішкі өзгерістер байқалмағаны анықталды, алдын-ала диагноз - улану деп танылды.

Сонымен қатар, уланудың ықтимал себептерін анықтау үшін жануарлар ұсталған жайылымдардан шөп сынамалары алынды.

Зерттеу нәтижелері 2024 жылдың 1 тамызында шығады.

ШҚ басшысы ветеринариялық қызметпен бірлесіп, белгіленген жоспарға сәйкес вакцинация мен диагностиканы қоса алғанда, барлық қажетті эпизоотияға қарсы шараларды қабылдады.

ІҚМ тұрақты күнделікті бақылауда. Аймақтағы эпизоотиялық жағдай бақылауда.