Ломбард күзетшісі қаскөйге қарсы қару қолданып, тойтарыс берген.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде медициналық бетперде киіп, тапаншамен қаруланған белгісіз ер адам ломбардты тонамақ болған, деп жазады Zakon.kz Мой город басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 4 наурыз күні шамамен сағат 15:40 орын алған.
Бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған бегісіз ер адам, травматты тапаншамен қорқытып, қаланың ескі бөлігіндегі Заводская көшесінде орналасқан ломбардқа шабуыл жасайды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ломбард күзетшісі шабуылға қарсы төтеп берген.
– Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, жедел іздестру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.