Автобус салонында 18 оқушы мен тоғыз ата-ана болған.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады, деп жазады Тengrinews.kz.
Жол-көлік оқиғасы Ақтөбеден 13 шақырым жерде "Солтүстік айналма" тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қала жақтан келе жатқан. Жол қозғалысы ережесін бұзып, Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктің тізгінінде Тәжікстан азаматы болған. Жол апаты салдарынан автобус бір жанына аударылған. Автобус салонында 18 оқушы мен тоғыз ата-ана болған. Оқиға орнынан 16 бала ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына үш ересек адам жеткізілген.
"Оқиға орнында полицейлер, ТЖ қызметкерлері және медицина саласының мамандары көмек көрсетіп жатыр. Ұйымдастырушылар автобустың полицияға ілесіп жүруі туралы өтініш берілмеген", - делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз хабарламасында.