Ақтөбеде подъезде әйелді ұрып-соққан күдікті ұсталды

0
526

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақтөбеде подъезде әйелді ұрып-соққан күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде полиция қызметкерлері подъезде әйелді ұрып-соққан күдіктіні ұстады, деп жазады Azattyq Rýhy.

26 сәуір күні сағат 16:30-да белгісіз ер адам Ақтөбе қаласының 12 шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде әйелдің артынан жүгіріп келіп, жерге құлатып, бір рет ұрып қашып кеткен.

Ақтөбе қаласының ПБ №2 ҚПБ полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, осы ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарады, нәтижесінде күдікті адам анықталып, ұсталды. Ол 33 жастағы ер адам Хромтау ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті сол күні мас болғанын және ештеңе есінде жоқ екенін түсіндірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.