Ақтөбеде полиция бастығы қамауға алынды

0
478

Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.


Ақтөбеде полиция бастығы қамауға алынды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, Ақтөбе ПД тергеу бөлімінің бастығы, полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл көпшілік үшін күтпеген жағдай болғаны аталады. Өйткені Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар, тәжірибелі қызметкерлердің бірі. Осы күзде зейнетке шыққалы отырған жайы да бар.

Облыстық ПД баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның ұсталғанын растады, бірақ оған қатысты түсініктеме берген жоқ. Департамент бастығы әлеуметтік желіде: "... тергеу басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталды" деп қысқа жазды.