Ақтөбеде суға шомылу маусымы басталды

0
534

Қазір Ақтөбе қаласында ресми тіркелген 10 жағажай бар.


Ақтөбеде суға шомылу маусымы басталды

ERNUR.KZ. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті мамандары жағажайларды аралап, қауіпсіздік ережелерін тағы бір мәрте еске салуда, деп жазады 24.kz.

Бірінші кезекте балаларға сақтық шараларын айтып, оқыс оқиға болған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер көрсетілді. Қазір Ақтөбе қаласында ресми тіркелген 10 жағажай бар.

Қалған жерлерде шомылуға рұқсат жоқ. Бұл тәртіпке мойынсұнбаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Себебі жыл басынан Ақтөбе облысында суға кеткен 7 адамның барлығы да арнайы жабдықталмаған орындарда шомылған.

"42 тыйым салынған аймақтар белгіленді. Сол себепті біз қаламыздың қонақтарына, тұрғындарына арнайы жабдықталған жерге түсуге кеңес береміз. Ол жерде құтқарушылары, өздерінің алғашқы көмек көрсету дәрігерлері тағы басқа мамандары жұмылдырылған", - дейді қалалық ТЖБ басшысы Айбат Жаңабергенов.