Ақтөбеде туған қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

0
261

Сондай-ақ, мәжбүрлі түрде емделуге жіберіледі.


Ақтөбеде туған қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

фото: freepik

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қызын зорлаған 48 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Қылмыстық іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Іс материалына сүйенсек, 48 жастағы ер адам Қостанай облысының тумасы, орта білімді, тұрақты жұмысы жоқ. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен айып тағылды.

"Сотталушы И. Х-ты айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Педагогикалық және жасөспірімдермен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылсын. Жазасын өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі деп белгіленсін. Психотропты заттарды тұтынуына байланысты психиатрға мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілсін", - деді судья Н.Бақтығалиев.

Оқиға 2021-2023 жылдары аралағында болған.

Бөлісу